дереккөз

Баланы балабақшаға орналастыру  жүйесі өзгерді. Ал жолдама алу үшін не істеу керек? Баршаға белгілі, осыған дейін баланы мемлекеттік балабақшаға орналастыру қиын болды. Ата-аналар баласының кезегін күтетін. Енді балабақшаға жолдама берудің жолы автоматтандыру арқылы өзгерді. 

Негізі  https/e-zhetsu.kz/өңірдегі білім  басқармасы белгілеген күні сайтқа кіріп, таңдаған балабақшаға орналастыра аласыз.  Ол үшін  әрбір ата-ана халыққа қызмет көрсету орталығына барып, электронды цифрлы қолтаңба алуы керек. Қалалық білім бөліміне барудың да қажеттілігі болмайды. Сіз  таңдауды өзіңіз жасайсыз.   Онда балаңыз жайлы мәліметтерді толтырып, өз телефон нөміріңіз бен электронды поштаңызды қалдырасыз. Оған кезектің келгендігі туралы хабарлама жіберіледі.

 Сала мамандарының айтуынша, бұған дейін азаматтардың өтініштерін электронды түрде қабылдау мүмкіндігі болмаған. Сондықтан да азаматтар түсінбеуі де заңды. Бұл қызмет түрін алу үшін  ата-аналар үшін білім бөліміне барып, құжат тапсыру арқылы жүзеге асырылған еді. Қазір интернетке кіріп, түртіп жіберсеңіз болғаны.

Енді сізге  балабақшадан орын берілгендігі туралы хабарлама келсе, дереу үйіңізге жақынын немесе  жұрттың бәрі  мақтап жүрген балабақшаны таңдайсыз. Бұрын хабарлама келгеннен кейін балабақшадағы орын бес күнге дейін сақталатын. Ал қазір таңертеңгі сағат 9-дан кешкі 8-ге дейін жолдаманы қабылдауға тырысыңыз. Таңдауға 11 сағат қана беріледі. Әйтпесе, сізге ұнаған балабақшада бала саны шектеулі болуы мүмкін. Себебі, бос орны бар балабақшалар тізімін жүйеде кезекте тұрғандардың барлығы көре алады.

Балабақшаны таңдамасаңыз, балаңыз кезекте тұра береді. Хабарлама келмеген күннің өзінде жүйеге кіріп, таңдау тетігінің ашылған, ашылмағанына көз жеткізіп тұру керек. Тағы бір айтарлығы-  бұрынғыдай кезектің реттік саны маңызды емес. Кім бірінші балабақшаны таңдайды, соған беріледі.

Ал, керісінше, хабарлама келгеннен кейін себеппен бес жұмыс күн ішінде балабақшадан орын алмасаңыз, күнтізбелік 14 немесе 30 күнге дейін ұзарта аласыз.

Егер жеңілдік санатына жататын болса, оны да көрсету қажет. Өйткені, балабақшадағы орын ең бірінші жеңілдік иелеріне беріледі.

  • Әскери қызметкерлердің балалары;
  • Мүгедек балалар;
  • Ата-ананың қарауынсыз қалғандар;
  • Жетімдер;
  • Көп балалы отбасынан шыққан балалар;
  • Ерекше күтім мен білімді қажет ететіндер тізімінде болсаңыз, растайтын құжаттардың сканерленген нұсқасын жеке кабинетіңіз арқылы жүктейсіз.

Жаңа жүйе жеті жасқа толғандарды кезектен шығарады. Жүйенің артықшылығы көп. Ақпаратқа өзіңіз қол жеткізе аласыз. Өтінім тіркеу және бос орындарды бөлуге қатысасыз, басқа тұлғалардың және жемқорлықтың  болмауы жүйенің ашықтығын қамтамасыз етеді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK