Құрбан айт мейрамы 11 тамызға белгіленді

124
құрбандық
дереккөз

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2019 жылы Құрбан айт мерекесі тамыз айының 11-і күні басталатындығын хабарлады.

Діни басқарманың мәліметінше, арапа 10 тамызға сәйкес келеді. Арапа – қажылар Арафа жотасында құлшылық ететін күн.

Жағдайы бар мұсылманның құрбан шалуы – уəжіп (міндет).

Құрбандыққа түйе, сиыр жəне қой (ешкі де) шалынады. Құрбандық малы айт намазынан кейін айттың үшінші күні күн батқанға дейін шалынады.

Құрбандықтың бір бөлігі өзіне қалады, екінші бөлігі ағайын-туыс, көршілерге беріледі, үшінші бөлігі көмекке мұқтаж кісілерге таратылады.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK