Әрбір сөзі салмақты

98
Дереккөз

«Самал» шағын аудандық ардагерлер ұйымы бірқатар ауқымды шаралар ұйымдастыруда. Зейнеткерлер, ардагерлер, тұрғындар және пәтер иелері кооперативтерімен  үнемі тығыз байланыста. Сондай-ақ, көпбалалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған, жалғызбасты асыраушысы бар отбасылар да  назардан тыс қалмаған.

Дереккөз

Жастарға қызмет көрсету орталығының «Жеңіс» жобасы аясында тыл ардагерлерін аралап, тыныс-тіршіліктерімен танысып, қажетті көмек көрсетілуде. «Соғыс жылдарындағы еңбегі үшін» медалімен марапатталған  ардагерлерді  арнайы құттықтап, ерен еңбектерін жас ұрпаққа насихаттап жүр.  Жуырда Жастар ресурстық орталығымен бірлесе қариялармен кездесу кешін өткізді.  Шараға қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақшабай  Керімбеков, тыл ардагерлері және жастар қатысты. Жиын барысында аға буын өкілдері қоғамда орын алып жатқан өзекті оқиғалар, жастар тәрбиесі жөнінде ой қозғады.

Дереккөз

Қаламқас Тұрлығұлова, «Самал» шағын аудандық ардагерлер ұйымының төрайымы: «Жастар — еліміздің болашағы, мемлекеттің  ертеңгі тағдырына жауапты жандар. Сондықтан ұлттық тәрбие, ұлттық танымдық құндылықтарды оларға үнемі айтып отыруымыз қажет. Бүгінгі жаhандану заманында тарихымыз бен дәстүріміз ұмыт қалмауы тиіс. Біз осы бағытта жастардың тікелей өздерімен жұмыстар атқарудамыз»-деп атап өтті.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK