Биыл жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы еліміз бойынша бір ай бұрын ерте басталды, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің ресми сайтына сілтеме жасаған taldykorgan-online.kz

Оған себеп, ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес көмекке мұқтаж отбасы балалары барынша ерте қамтылуы тиіс. Осыған байланысты облыс әкімінің 5 шілдеден бастап «Мектепке жол» акциясын өткізу туралы өкімі шығарылды. Бұл жөнінде облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Жаңыл Сүлейменова баспасөз-мәслихатында өткен жиында айтты.

Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және баланың әлеуметтік себептермен мектепке бармай қалуының алдын алу.

Игі шара барысында көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, киім-кешек, мектеп керек-жарақтарымен және кеңсе тауарларымен толық қамтамасыз етіледі. Бүгінгі күнде жетісулық 770 оқушыға 9 млн. көлемінде демеушілер тарапынан көмек көрсетілді. Басқарма өкілдерінің айтуынша, жыл сайын шараның ауқымы кеңейіп, тұрақты демеушілер мен меценаттардың қатары артып келеді. Мәселен, былтыр облыс бойынша 3 млрд. теңгенің қайырымдылық көмегі көрсетілген, соның ішінде 2,4 млдр. теңгелік көмек демеушілер тарапынан жасалған. Айта кетсек, шара 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK