7 ай заңсыз қамауда отырған адам босатылды

584
ғаламтор

Алматы облысының прокурорының ұсынысы бойынша Алматы облыстық қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот  алқасы Іле ауданының 27.09.2017 жылғы үкіміміен есірткі затын заңсыз өткізу және оны заңсыз сақтағаны үшін сотталған тұлға қылмыстық құдалаудан босатылды (ҚК-тің 297 бабының 2 бөлігі және 296 бабының 3 бөлігі).

Аталған тұлға 7 ай бойы қамауда күзетпен ұсталған.

Сот тергеуі кезінде аталған қылмыстық іс бойынша Қылмыстық-процестік кодекстің нормаларының елеулі бұзылуымен қатар, полиция қызметкерлерімен дәлелдемелерді бұрмалау арқылы қасақана жасалған қылмысқа арандату әрекеттерінің орын алғаны анықталды.

Облыс прокуроры А.С.Жылқыбаев іс бойынша апелляциялық сот алқасына тікелей өзі қатысып мемлекеттік айыпты қолдаудан толық көлемде бас тартып, Іле ауданының тұрғыны жөнінде оның іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамының және қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының болмауына  байланысты істі қысқартуға сотты бағыттады.

Алматы облысысынң прокуратурасы

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK