Алматы облысы,  Жамбыл ауданы, Қайназар ауылының тұрғыны Қайрат Пауеновқа жергілікті әкімдік пәтер жалға алып беріп жан-жақты көмек көрсетпек. Нақтырақ айтсақ, аталған азаматтың отбасы осыған дейін 4 баламен жарықсыз, сусыз   целлофанмен қапталған, жұпыны  лашықта тұрып келген.

 2001 жылы Өзбекстан Республикасынан көшіп келген Қайрат Пауенов пен Құндыз Қуанышбаеваның  қазір  1, 3, 5, 7 жастағы  4 баласы бар. Отанасы қалалық ауруханада еден жуушы болып жұмыс істейді. Ал, отағасы  уақытша жұмыссыз. Отбасы әр ай сайын 105 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек, 69 мың теңге мүгедектік жәрдемақы алады.Осыдан екі ай бұрын бұл отбасы 450 мың теңге несиеге жер телімін сатып алып  үй салуды бастаған. Қазір баспананың қабырғасы тұрғызылып, шатырын жабу жұмыстары ғана қалған.  Жақында ауыл  тұрғындарының жағдайына мән беру үшін  аудан әкімшілігінен арнайы құрылған топ, Қарасу ауылдық округінің әкімі Асхат Өтеповпен бірге аталған отбасына барып жағдайды өз көздерімен көріп қайтты. Онда  ауыл әкімі жас отбасының өтініші бойынша отағасы Қайрат Пауеновқа жұмыс тауып беріп, үйдің құрылыс жұмысына материалдық көмек көрсетуге уәде етті. 

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK