Бүгін Талдықорғанда жалпықалалық сенбілік өтті. «Birge.TazaQazaqstan» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылған тазалық шарасына облыс және қала басшылары бастаған мемлекеттік қызметкерлер, қала тұрғындары қатысты,-деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Айтулы шарада сөз алған Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов:

— Құрметті қала тұрғындары! Өздеріңізге белгілі экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің бастамасымен бұл акция ел көлемінде ұйымдастырылып отыр. Осы орайда Алматы облысы Талдықорған қаласының жұртшылығы да белсенділік танытуда. Сенбілікке келіп, қолдау көрсеткендеріңізге көп рахмет! Біз тазалыққа ерекше көңіл бөлу арқылы өскелең ұрпаққа үлгі көрсетеміз. Сондықтан да бұл шара алдағы уақытта жалғасын табады деп ойлаймын, — деді.

Жалпы, тазалық шарасына 3 мыңға жуық адам қатысты. Жұмысқа 900 дана шарушылық құрал жабдығы және 13 техника жұмылдырылды.

Сенбілікке келгендер Талдықорған қаласының аумағында орналасқан Қаратал, Балықты өзендерінің жағалауларын, орталық бассейн, Жеңіс, Ардагерлер саябақтарына және қала көшелеріне тазалық жұмыстарын жүргізді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK