дереккөз

Жетісу өлкесінің табиғаты өзінше ерекше, таңғажайып. Тұнған тарихы бар. Табиғаты тамылжыған өлкені аралау жазғы уақытта балалар үшін таптырмас демалыс болды.

Ғасырлар тереңінен сыр тартқан өлке тарихымен  саяхатты Мұхаметжан Тынышпаев атындағы  тарихи-өлкетану  музейі қызметкерлері ұйымдастырды. Талдықорған-Лепсі бағытын бетке алған  жолаушылар Көтен тәуіп кесенесі  басына барды. Одан соң Мұқан Төлебаев музейін аралап, композитор өмірі мен шығармашылығына қатысты деректермен танысты.

Дертке дауа, шипалы суы бар Балқаш көліне шомылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, негізгі мақсат  — өлке  тарихы құндылығын насихаттау. Осылайша, 45 бала өз туған жерлерін аралап, атақты ғұламалар жайлы мағлұматтармен жіті танысып,  ой-өрістері өсіп қайтты. Мұндай саяхаттау жалғасын таппақ.

                                                                        

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK