Бір хан Қожанасырдың алдына бір сом ақша мен бір тиынды қойып: – «Мынаның қайсысы көп», — деп сұрапты. Қожекең сәл ойланып тұрып: – «Әрине бір тиын көп», — деп жауап беріпті. Сонда аң-таң болған әлгі хан сен қалайша бір тиынды көп дейсің десе, Қожанасыр: — « Бір сом деген сөзде алты әріп бар. Ал, бір тиын деген сөз жеті әріптен тұрады. Сонда өзің айтшы алты көп пе, жеті көп пе?», -деген екен.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK