дереккөз

ҚР Білім және ғылым министрлігі балаларды 1-сыныпқа қабылдау ережесіне толықтырулар мен өзгертулер енгізілгендігін хабарлады.

Қыркүйек-желтоқсан айларында туған  6 жасар балалар осы жылдан бастап 1-сыныпқа бара алады. Өйткені, олар күнтізбелік жылдың соңына дейін алты жасқа толып, мектепке қабылдану құқығына ие болады. Жалпы  білім беретін оқу бағдарламасын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, жеті жасқа толған және ағымдағы жылы алты жасқа толатын балаларды 1-сыныпқа қабылдануын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ,  1-сыныпқа балаларды қабылдауға қажетті құжаттар тізімінен мекенжай анықтамасы алып тасталды. Бірінші сыныпқа баратын ұл-қыздардың құжаттарын электронды түрде қабылдау екі тарапқа да оңтайлы. Ата-аналар үйден шықпай баласының құжатын электронды түрде тапсыра алады. Құжаттарды электронды түрде тапсыра алмайтын ата-аналар бұрынғысынша, мектептің өзіне барып тапсырады. Үлгілік ережелерге сəйкес, бірінші сыныпқа қабылданушы балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдерінен өтінішті қабылдау ағымдағы жылдың 30-шы тамызына дейін жалғасады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK