А.Құнанбайұлының 175 жылдығына орай 500-ге жуық шара өтеді

122
Дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықованың төрағалығымен Абай Құнанбайұлының  175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысы өтті.

 «Абай әлем мойындаған дана ұстаз, ақын және адамзаттың данышпаны. Данышпан Абайдың ұлылығы мен ерекшелігі, табандылық пен мақсаттылықты дәріптей және оның өз ұлтының санасына енгізе отырып, ұлттық рухты бұрын-соңды болмаған биіктікке көтере алды. Біз Абайдың бойынан табылатын тұлғаға лайықты, мақтан тұтатын рухани тірегіміздің барына алғыс айтуымыз керек. Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу халықтың тарихи санасына сіңіру және еліміздің рухани мәдениетін жаһандық форматта ілгерілетуге бағытталған Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі» — деді Г.Әбдіқалықова. Отырыста халықаралық, республикалық және өңірлік деңгейдегі 500-ге жуық түрлі іс-шаралар өткізу жоспарланған жалпыреспубликалық жоспар жобасы қарастырылды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK