дереккөз

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында  қала  тұрғындары арасында кітап оқуды насихаттау, оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани мәдениетін көтеру мақсатында  шара өтті. Қалалық  балалар кітапханасының қызметкерлері орталық саябақта «Оқы және өзгеге ұсын!» атты буккроссинг жобасын ұйымдастырды.

Жобаның негізгі идеясы – өзара кітап алмасу. «Буккроссинг» қозғалысы кітап пен оқырман арасын жақындатудың тиімді жолы ретінде іс-тәжірибеге енгізіліп отыр. Қысқаша тарихына тоқталсақ.

«Буккроссинг» идеясын ең алғаш рет АҚШ-та интернет-технология маманы Рон Хорнбекер 2001 жылы ұсынған. Ол қоғамдық орында мынадай жазуы бар кітап қалдырды: «Бұл жоғалып кеткен кітап емес,мына сайтқа кіріп,оның бұрынғы иесін біле аласыз. Буккроссинг (ағылшын тілінде «кітаптың айналыста жүруі) – «өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген хобби мен адам және кітап арасынд жақындататын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың бірі. Буккроссингтің ережесі бойынша, кез-келген адам өзі оқып бітірген  кітабын қоғамдық көпшілік орындарда (саябақ, кафе, кітапхана және т.б.) қойып кете алады, кейін бұл кітапты тауып алған басқа адам оқиды, оқып болған соң, ол да сол кітапты орнына тастап кетеді, дәл осылай ол кітапты басқа оқырман оқи алады.

Талдықорғанда бастау алған жоба барысында кез келген оқырман оқыған қызықты кітаптарын буккроссинг сөрелеріне қойып, орнына өзі  оқымаған  кітапқа  қол жеткізеді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK