дереккөз

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының жариялаған «Тіл тазалығын сақтайық!» акциясы аясында көптеген  шаралар  қолға алынған.

Талдықорған қалалық  мәдениет және тілдерді  дамыту бөлімі қала ардагерлері, «Nur  Оtan» партиясы Талдықорған қалалық филиалының, Талдықорған қаласының жастар ресурстық орталығының өкілдері, «Тіл тазалығын сақтайық!» жұмысшы тобы мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен орталықтағы әмбебап дүкені, Шевченко, Қабанбай батыр және Біржан сал көшелерінің бойында орналасқан халыққа қызмет көрсету нысандарын аралап шықты.

Негізінен деректемелер мен көрнекі ақпараттардың  Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» және «Жарнама туралы» Заңдарының талаптарына сәйкес ресімделуін, олардың сауатты жазылуын қамтамасыз ету мақсатын көздеді. Бұл іске қала жұртшылығын кеңінен жұмылдыру мақсатында әдістемелік көмек көрсету жұмыстары жүргізілді. Елінің ертеңі, ұлттық рухтың негізі болып табылатын тілдің тазалығын сақтау әрбір азаматтың парызы.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK