Ұлттық кеңестің құрылуы — қоғамның сенімі

97

Күні кеше  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесін және құрамын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды.

Биғайша Серікболқызы,  Б.Жолбарысұлы атындағы  мектеп-лицей директорының орынбасары:

-Ұлттық идеологиясы берік әрі ұстанымы мен мүддесі бір жерде тоғысқан халықтың берекесі де, саяси және экономикалық өсу де артады. Ұлттық кеңестің негізігі міндеттері бекітілді. Бұл-  өз кезегінде  мемлекеттік бағдарламалардың және нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қоғамдық сараптама жүргізіледі деген сөз.  Сондай-ақ, жұртшылықтың және  үкіметтік емес сектордың, саяси партиялардың, азаматтық қоғамның пікірін ескере отырып маңызды стратегиялық проблемаларды  шешуге мүмкіндік туады. Маңызды құжатта көрсетілгендей, сарапшылардың пікірінше, бұл кеңес азаматтық қоғам мен билік арасындағы диалогты арттыру үшін қажет. Қасым-Жомарт Кемелұлының айқындаған міндеттері көңілге қонымды, болашағымыздың баянды, келешегіміздің кемел болуы, әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеуі үшін маңызды деп санаймын.

Гүлшара Умеева, тарихшы:

— Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрылуы елімізде азаматтық қоғамды дамыту жолында жасалған нақты қадам деп білем. Мемлекет басшысы кеңеске қоғам белсенділері мен  азаматтық қоғам институттарының өкілдері кіретінін айтты. Яғни, бұл адамдар елдегі түйткілді мәселелерді жеткізетін болады. Менің ойымша  бұл  көптің көкейіне қонымды, жұртшылыққа жағымды жаңалық ретінде әсер қалдырды. Бұған дейін облыстарда, қала мен аудандарда құрылған қоғамдық кеңестер жүйелі жұмыстарды жүзеге асырып келді.  Президенттің пайымдауынша, жаңадан құрылғалы отырған Ұлттық кеңестің басты міндеті – билік пен халықтың арасына дәнекер болу. Татулық пен тұрақтылықты, бірлікті сақтау.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK