Ертегілер әлеміне саяхат жасады

469

Оқуда озат, талапты, көп балалы отбасылардың,ата-ана қамқорлығынсыз қалған 250-дей талдықорғандық балалар қала әкімінің жаңа жылдық шыршасына қатысып, ертегілер әлеміне саяхат жасады. Мерекенің басты нышаны — Аяз Ата, Ақшақармен қауышты. Жеті қазынаның бірі саналатын ит жылынан күтер жақсылық пен игілік көп.

Шаһардың ең көрікті ғимараттарының бірі – «Көрме» кешеніндегі шара балдырғандардың жадында көпке дейін сақталуы үшін ұйымдастырушылар, залды ерекше безендіріп, ертегілер әлеміне айналдырыпты. Талдықорған қаласының әкімі Бағдат Қарасаев шырша мерекесіне шақырылған балаларды келе жатқан жаңа жылмен құттықтап ыстық ықыласын білдірді. Балаларды еліміздің жарқын болашағы, асыл мұратына теңеген шаһар басшысы бүлдіршіндердің деніне саулық, отбасына бірлік-береке тілеп, мерекелік шараға белсенді атсалысуға шақырды.

Осы кеште әр бала сыйлыққа ие болып, қуанышқа бөленді. Оларға жылы күртеше мен мектепке қажетті құралдар бар сөмке, тәтті сыйлықтар үлестірілді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK