Жастар істері жөніндегі кеңес отырысы өтті

143
Дереккөз

Жастарға қызмет көрсету орталығында облыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиевтің  төрағалығымен Алматы облысы әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес отырысы өтті.

Кеңес отырысында Алматы облысында Жастар жылын өткізу жөніндегі жол картасының орындалуы және Еріктілер жылын өткізуге байланысты аймағымыздағы дайындық жұмыстары кеңінен талқыланды.  Ақан Жылқышыбайұлы «Елбасымыз «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. 2019 жылғы 30 қаңтарда ҚР Үкіметі Жастар жылын өткізу жөнінде жол картасын бекіту туралы Қаулы шығарды. Жастар жылының жол картасын орындау бойынша облысымыздың аудан, қалаларында  түрлі жобалар іске асырылуда. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жастар — алдағы реформалардың негізгі қозғаушы күші» деп сіздерге  үлкен үміт артуда»-деп күн тәртібіндегі мәселелерді қарастырды. Статистика департаментінің мәліметіне сүйенсек, облысымызда 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны 408 218 адамды құрайды. Аймағымызда 20 жастар ресурстық орталығы бар,  ауылдық округтерде 253 нұсқаушы қызмет атқаруда.

Дереккөз

Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жомарт Қаратас «Жастардың сапалы білім, саналы тәрбие алып, саламатты болып өсуі – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жастарға ерекше сенім арта отырып, олардың жағдайын жасауға әрқашан назар аударып келеді. Осыған орай, жастардың мәртебесін жоғарылатып, оларға жан-жақты көмек көрсетіліп, толыққанды білім алуына, өз мүмкіндіктерін барынша пайдалануға барлық жағдайлар жасалуда. Жалпы мәдениетті дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, спорт, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, құқықтық мәдениетті арттыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында облыс бойынша шамамен 430 мың жастың қамтылуымен 1414 шара өтті. Өздеріңізге белгілі, Қазақстан-Ресей жастары ынтымақтастығы форумында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде: «Келесі жыл Жастар жылының жалғасы ретінде Еріктілер жылы болып жариялансын» — деді.Осы негізде, облыста еріктілік қызметті дамыту және NEET санатындағы жастардың санын азайту мақсатында бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Соның бірі — мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қолға алынған «Алматы облысында жас еріктілер қозғалысын дамыту» атты жобасы. Жобаның мақсаты еріктілерге оқыту семинарларын өткізу, спорттық іс-шаралар мен слет ұйымдастыру арқылы волонтерлік корпусты Алматы облысында нығайту болып табылады. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Түрлі шараларда белсенділік танытқан студент-жастардың еңбектері еленіп, олар шәкіртақыны 30 пайыз үстемемен алатын болады» – деді. Қазіргі таңда облысымызда «Жетісу еріктілері» жобасы аясында 814 ерікті белсенді жұмыс атқарып,  қатары көбеюде»-деп кемшіліктерге де тоқталып өтті. «Жергілікті мемлекеттік органдар мен жастар ресурстық орталығы арасында өзара ведомствоаралық жұмысты жандандыру, жастардың бастамаларын қолдау – тимбилдингтер өткізу, жастар ахуалын анықтау мақсатында әлеуметтік зерттеулер жүргізу, қорытындылау, NEET санатындағы жастармен атаулы жұмысты әлі де күшейту,  аудан, қалаларда шағын және орта бизнесті дамыту аясында шағын несиелеу бағдарламасы арқылы жастардың бастамаларын кең көлемде  жетілдіру қажет» — деді.

Дереккөз

Жиын барысында А.Әбдуәлиев бірқатар сын-ескертпе жасады. Аудандық жастар ресурстық орталықтарындағы психолог мамандардың жұмысы көңіл көншітерлік емес екенін тілге тиек етіп,  мәселенің алдын алу бойынша нақты іс-шаралар жүргізілуі тиіс екенін атап өтті.  Сондай-ақ, шағын несие алып, кәсібін бастаған  жас кәсіпкерлер жұмысын  үнемі қадағалауда ұстауды, еріктілер санын арттыруды, жұмыстар нәтижелі болуы керек екенін баса айтты.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK