дереккөз

Мектеп оқушылары үшін жаз мезгілі ерекше. Олар демалып, жаңа оқу жылына шабытпен келіп, білімін одан әрі жетілдіреді. Талдықорған қалалық  білім бөлімінің мәліметінше  үстіміздегі жылы  қаладан тыс жерлердегі, табиғаты тамылжыған Текелі мен суы шипалы Қапшағайдағы  лагерьлерде 2300 талдықорғандық өрендерді демалту көзделген.

Жақында Қапшағай жағалауындағы «Бәйтерек» лагеріне аттанған  300-дей бала ойдағыдай демалып қайтты. Олардың қатарында №22,17,13, 7 орта мектептердің оқушылары бар. Енді басқалары да кезекпен демалады. Маусымның әр күнінде  балалар денсаулығын жақсарту бағытындағы іс-шаралар, спорттық жарыстар мен ойындар ұйымдастырылуда.

 

дереккөз

Қалалық білім бөлімінің қызметкері Гүлзина Есенқызы: «Жыл сайын әр ауысым бойынша көп балалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасының балалары лагерьдің белгіленген кестесіне сай демалуда. Балалардың бос уақытын тиімді әрі қызықты ұйымдастыру бағытында жұмыс жоспары құрылып, шаралар өткізіледі. Балалар таза ауада шынығып қана қоймай, туған өлкеміздің ғажап табиғатымен және тамыры терең тарихына қанық болады. Олардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру –біздің басты мақсатымыз,»-дейді.

Демалыс лагерлері балалардың жүрегіне ізгілік пен қуаныш сыйлап, олардың бос уақыттарын мағыналы өткізуіне, жаңа достар табуына септігін  тигізері  сөзсіз.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK