Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэны қабылдады. Кездесуде аймақтағы өзге де атқамінер азаматтар мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының жауапты өкілдері бірге болды.

Мәртебелі мейманның аймаққа жасаған алғашқы сапарының  басты мақсаты – Франциямен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынасты пайдалана отырып,  Алматы облысымен барлық салаларда екіжақты әріптестікті  нығайту.

Басқосуда Амандық Ғаббасұлы өңірдің дамуы мен осыған дейін жеткен жетістіктеріне кеңінен тоқталды. Соның ішінде, жер жаннаты Жетісудың туризмді дамытуға қолайлы тамылжыған табиғаты мен ауылшаруашылығы саласындағы басты өнім түрлерін таныстырып шықты.

Өз кезегінде елші мырза аймақтағы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан ауқымды жобаларды  жоғары бағалады. Сондай-ақ, ол:  «Жалпы  Қазақ жері  алманың Отаны саналады. Бізді мұндағы тұмса табиғат, тұнық ауа,  киелі орындар баурайды. Сондықтан, біз Алматы облысының ауылшаруашылығы, түризм саласы мен басқада тың жоба-жоспарларын жүзеге асыруға ат салысуға дайынбыз» деп атап айтты.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK