Алматыдан  Алакөлге бағыт алған жолаушылар автовусы аударылып қалған. Оқыс оқиға Алматы-Өскемен күре жолының 462 шақырымында орын алды. Көлікте  Алакөлге демалуға бара жатқан 47 адам болған. Олардың дені дін аман.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі берген мәліметке сүйенсек, автобус аударылған кезде ондағы жолаушылардың үшеуі әр түрлі дене жарақатын алып, дер кезінде Сарқан аудандық ауруханасына жеткізілген. Ал, көліктің кей жерлері майысып, терезелері сынған. Аталған жол-көлік оқиғасына байланысты қазір ҚР ҚК- 345-ші бабының 2- тармағына сәйкес, соталды тергеу жұмыстары басталған.

Еске сала кетейік, бүгінде Талдықорған – Өскемен тас жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сол себепті, жолаушылар айналма жолдармен қатынауға мәжбүр. Нақтырақ айтсақ, бұған дейін алматылықтар мұндай жолаушылар көлігімен  Алакөлге 7-8 сағат жол жүретін болса, қазір 14-15 сағат жүріп барады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK