Талдықорғандағы «Ардагерлер саябағында» үй жануарларының көрмесі өтті. Шараға жалпы  әр түрлі нәсілдегі 70 ит,  30-ға жуық мысық әкелінген. Көрме өңірдегі «Адам құқығы, заң үстемдігі және демократияны алға тарту қоғамы» ҮЕ ұйымының  бастамасымен ұйымдастырылған.

 

Көрмені ұйымдастырушылардың айтуынша, қазір аймақта иесіз жүрген үй жануарлары көбейіп кеткен. Олардың адамға шабуылдауының алдын алу үшін жергілікті  ветеринария бөлімдері арқылы ауланып көзі жойылуда. Мәселен, жылына  Алматы облысы аумағында 30 мыңға жуық ит пен мысықтың көзі жойылады екен. Ал, ағымдағы жыл басынан бері аймақта 3880 ит ауланған.  Мұндай кезде үй жануарларының сирек кездесетін түрлері де жойылып кетуі мүмкін. Сондықтан олар иесіз жүрген үй жануарларына арнайы вольерлер салу керек деп санайды.

Біз осы шараны ұйымдастыру арқылы жалпы жұртты қолда бағылатын үй жануарларына қамқор болып, қаңғыртып жібермеуді ескертеміз дейді, — аталған ұйым жетекшілері.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK