2017 жылдың қараша айынан Қазақстанда теріден жасалған бұйымдарды таңбалау жүйесі іске асуда. Тері бұйымдарын таңбалау процедурасы адал бәсекелестік, нарықты заңсыз сатылымнан қорғау, зияткерлік меншік құқығын сақтау, көлеңкелі экономика көлемін қысқарту және бюджетке салық түсімдерін көбейтуге бағытталған.

Біріншіден, тұтынушы сатып алатын тауары туралы толық ақпаратпен қамтамасыз етіліп, контрафактілік өнімнен қорғалады. Екіншіден, кәсіпкерлерге бизнес жүргізу үшін бәсекелестік жағдай теңестіріліп, нарықты заңсыз өнімдерден қорғау және зияткерлік меншік құқықтарын сақтау жүзеге асырылады. Үшіншіден, мемлекет үшін көлеңкелі экономика көлемін қысқартып, бюджетке салықтардың түсімін арттыруға мүмкіндік ашылады. Тері бұйымдары үшінші елден кіргізілген кезде кедендік декларация рәсімделеді және тауарларды шығару жасалады. Осыдан кейін импорттаушы 30 күнтізбелік күн ішінде тері бұйымдарды таңбалау қажет.

Алакөл ауданы бойынша МКД

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK