Жаз айлары- мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі.

Бастауыш және орта буын сыныптарының балалары үшін бұл уақыт тән – тұрпаттың табиғатпен ерекше үндестік тауып, дүниетаным аясы кеңитін, көзқарас қалыптасып, үйренуге ықыласы артатын жылдың тамаша мезгілі. Жаз балалардың негізгі сабақтан, үйреншікті тіршілік қарекетінен босап, өзін қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік береді. Сондықтан ұстаз-тәрбиешілерге оқушының бос уақытын дұрыс пайдалануға бағыттаудың, үйретудің мәні зор. Бос уақыт дене және ақыл-ой қызметін тынықтыратын, қарым-қуатты жетілдіретін іс-әрекетке жұмсалуы жөн. Әйтсе де тыныға жүріп, ойын барысында балалардың шынығу – шындалу мәселесімен қатар, оларды түрлі бағыттағы іс-шараларға тарту арқылы тәрбиелеу маңызды.

 Осыған орай, балалардың жазғы демалысын ұтымды пайдалану мақсатында,бастауыш сынып мұғалімдері  түрлі шаралар өткізіп,балалардың ойын әрекеті барысында ойлау әрекетінің де тиімді әдістерін меңгеруге,достық,жолдастық,сыйластық,өзара көмек т.б.сияқты адами қасиеттердіұғындыруда.Балалардың қайсысымен әңгімелессең де, жаз мезгілін жыл сайын асыға күтетінін мектеп жанындағы лагерьге келу арқылы  көп дос табатынын,түрлі іс-шараларға қатысып,көңіл көтеретінін айтып мәз мейрам болысады.Бұл тұста №23 орта мектебінің басшысы А.Мусекенованың

басшылығымен ұйымдастырылған мектеп жанындағы «Балдәурен» жазғы   алаң лагерінің жұмысына ата-аналар атынан алғысымыз шексіз.Және балалардың демалыс күндерін қызықты өткізуге үлес қосқан тәрбиешілердің еңбектерін ерекше атап өтіп,жоғары бағалауға болады.Осылайша, біз-бақытты баламыз тақырыбында «Балдәурен» лагері-оқушылар көңілінен шығуда.

                                                      Мойнақ ауылындағы №23 орта

                                                 мектебінің бастауыш сынып

                                                              оқушыларының ата-аналары

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK