Талдықорған қаласының бірыңғай конкурстық комиссиясының 2019 жылғы 04 шілдедегі №2 хаттамасының қорытынды шешімі бойынша Сержан Қадырханұлы Құрманбаев қала әкімінің 2019 жылғы 05 шілдедегі №151-ө-жқ өкімімен Талдықорған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Туған күні мен жері: 28 шілде 1987 жылы Алматы облысы, Сарқанд ауданы, Новопорковка ауылы.

Білімі: Жоғары.

2009 жылы Ө.А. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясының «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы.

Жалпы жұмыс өтілі: 7 жылдан астам.

Мемлекеттік қызмет өтілі: 6 жыл.

Басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі: 2 жылдан астам.

Еңбек жолы:

  • 2012 жылы «Талдықорған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің тұрғын үй қызметі секторының жетекші маманы;
  • 2012-2017 жылдары арасында «Талдықорған қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы;
  • 2017 жылдан осы уақытқа дейін Талдықорған қаласының Өтенай ауылдық округі әкімінің орынбасары.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK