Талдықорған қаласының бірыңғай конкурстық комиссиясының 2019 жылғы 05 шілдедегі 2 хаттамасының қорытынды шешімі бойынша Нұрбол Айтқазыұлы Қалиахметов қала әкімінің 2019 жылғы 09 шілдедегі №153-ө-жқ өкімімен Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Туған күні мен жері: 01 қыркүйек 1988 жылы Алматы облысы, Ескелді  ауданы, Коңыр  ауылы.

Білімі: Жоғары.

2008 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «қаржыгер» мамандығы.

Жалпы жұмыс өтілі: 8 жыл.

Мемлекеттік қызмет өтілі: 7 жылдан астам.

Функционалдық бағыты бойынша жұмыс өтілі: 6 жылдан астам.

Еңбек жолы:

  • 2011-2012 жж. аралығы «Ескелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің бас маманы;
  • 2012-2013 жж. аралығы «Ескелді ауданының ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ-нің бас маманы;
  • 2013 жылдан осы уақытқа дейін «Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ-нің шағын және орта бизнесті дамыту секторының меңгерушісі.
Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK