Бүгін «Nur Otan» партиясының Талдықорған қалалық  филиалының төрағасы, қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Арнайы қабылдауға жазылған 7 азаматтың бірі тұрғын үйінің төбесінен су ағатынын айтса, бірі Н.Алдабергенов көшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді өтінді. Тұрғын үйге аса мұқтаж екі азаматша қала басшысынан көмек сұрады. Еркін ауылындағы Е.Берліқожа атындағы көшенің жоғары жағына күрделі жөндеу қажет екендігі, сондай-ақ, «ТАТЭК» АҚ аялдамасын қалпына келтіру, автобустардың жүру бағытын реттеуге қатысты мәселелер де айтылды. Ғалымжан Райылұлы қоғамдық қабылдауға қатысып отырған сала басшыларына азаматтардың өтінішін шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK