Арыс қаласының 150  жасөспірімі жазғы демалысының бір айын жер жәннаты Жетісудың ең көрікті жерлеріне орналасқан лагерьлерде өткізеді. Балаларды Алматы қаласының теміржол вокзалынан Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Бинәлі Ысқақ пен облыстық білім басқармасының жауапты мамандары күтіп алды.

Сондай-ақ, қонақ иелері Алматы облысының  жас меймандарын арнайы автобустармен Түргендегі «Тау жанашар» лагеріне жеткізді. Тамылжыған  табиғат аясындағы демалыс орнына келген балалардың қуанышында шек жоқ. Балалар үшін онда қызықты  бағдарламалар мен бар мүмкіндіктер қарастырылған. Мамандардың айтуынша, аталмыш  лагерьде жасөспірімдер  20 күн тұрып, қалған 10 күнін Қапшағайдағы «Күншуақ» лагерінде болады.

Естеріңізге сала кетейік, шілде айының 1 күні Талдықорғанда өткен баспасөз мәслихатында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов БАҚ өкілдерімен Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары жайында жоспарымен бөліскен еді. Басқосуда арыстықтарға жан-жақты көмек көрсету бізің басты парызымыз деген аймақ басшысы Арыстағы балаларды Жетісудың ең әсем жерлерінде тынықтырып, моральді-психологиялық қалпына келтіру шаралары жүргізілетіні жөнінде де атап айтқан болатын. Міне, бұл шара сол жолғы облыс әкімінің тікелей тапсырмасы,  – дейді  ұйымдастырушылар.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK