Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті аумақтық бөлімшелермен бірлесе отырып, көлеңкелі экономика көлемін қысқарту мақсатында 2019 жылдың 05 шілдесінен бастап мейрамханалар мен қоғамдық тамақтану, сауда, жер қойнауын пайдалану, базарлар, демалыс аймақтары және т.б. саласында қызмет көрсететін кәсіпкерлік субъектілерінің келесі мәселелері бойынша тексеру іс-шараларын бастады:

— мемлекеттік кірістер органдарында тіркеу есебіне қою;

— салық есептілігінде табыстар мен жалдамалы қызметкерлердің көрсетілуінің толықтығы;

— мүлік салығының салық салынатын базасының болуы;

— деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды қолданудың белгіленген тәртібін сақтау (ДБФ БКМ);

— лицензияның, алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжатының болуы, есепке алу-бақылау маркаларының болуы және түпнұсқалығы, алкоголь өнімін сатудың ең төменгі бағасын сақтау 1 литр (1923 теңге);

— мұнай өнімдерін сату және тасымалдау тәртібін сақтау.

Тек 3 күннің ішінде 39 кәсіпкерлік субъектісі бойынша тексеру шаралары келесі бұзушылықтарды анықтады:

11 жеке тұлға жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік кіріс органдарында тіркелмей тауарларды  алып сатқан  және осы шара бойынша әкімшілік іс қозғалып тауарлары тәркіленген.

-14  жеке кәсіпкерде бақылау кассалық машина  болмағандықтан, мемлекеттік кірістер басқармалары әкімшілік іс қозғады.

— 14 жеке кәсіпкер алкоголь өнімдерін сақтау және өткізу бойынша кәсіпкерлік қызметті ілеспе жүкқұжатсыз жүзеге асырғаны үшін санкциясымен әкімшілік жауапкершілік көзделген 7-б. ҚР ӘҚБтК-нің 282-бабының 3-бөлігі бойынша 2903 литр құрамында спирті бар заттар, 990 бума  темекі өнімдерінің заңсыз айналымы алынды.

Бұдан басқа, 2019 жылдың маусым айының 20 күнінде деректер беру функциясы бар онлайн бақылау кассалық машина   мәліметтеріне жүргізілген дистанциялық талдау нәтижелері бойынша, Алматы облысының 150 ірі мейрамханасы табыстың нақты сомасына кассалық чектерді соқпау және салық есептілігі нысандарында жалдамалы жұмысшыларды  3-тен 10 адамға дейін ғана көрсету арқылы, жасыру жолымен салық төлеуден жалтарғаны анықталды.

Мысалы,Талдықорған қаласынан «Заңғар» мейрамханасы бақылау-касса машинасының деректері бойынша 20 күндегі  табыс  сомасы — 740 000 теңгені құрайды, «Муаммар» мейрамханасы бойынша — 183 280 теңгені, «Мармар» мейрамханасы  бойынша  198 000 теңгені құрайды, Талғар ауданынан Белбұлақ ауылы «Қуаныш» мейрамханасы, бақылау-касса машинасының деректері бойынша 20 күндегі  табыс  сомасы — 1 420 000 теңгені құрайды, Тұздыбастау ауылы «Алтынай» мейрамханасы бойынша  515 500 теңгені, Тұздыбастау ауылы  «Ақ Сарай» мейрамханасы  бойынша -1 980 000 теңгені, Бесағаш ауылы «SUN RISE» мейрамханасыбойынша -122 545 теңгені құрайды.

Жоғарыда баяндалғандай, жоғарыда аталған мекемелер Алматы облысы мен Алматы қаласының тұрғындары арасында жоғары сұранысқа ие мекемелер 20 күннің ішінде көрсеткен табысты бір той думанда табу мүмкіндігі бар, яғни олар 20 есеге табыстарын азайтып көрсетуде деп қорытындалауға болады.

Құрметті салық төлеушілер, салықтық бақылау мақсаттары үшін жоғары тәуекел салық төлеушілер тобына қосудың алдын алу мақсатында Сіздерден қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау, салық есептілігінде нақты кірістер мен жалдамалы қызметкерлерді көрсету қажеттілігі; қолданыстағы заңнамамен белгіленген салық төлеушілер санаттары үшін ДБФ БКМ орнату және қолдану міндеттілігі; тауарлар мен қызметтерді тұтынушыға түбіртек берудің белгіленген тәртібін сақтау; алкоголь өнімдері мен мұнай өнімдерін сату жөніндегі заңнаманы сақтау, алкоголь өнімін сатудың ең төменгі бағасын сақтау қажеттілігіне назар аударуларыңызды сұраймыз.

Алматы облысы бойынша МКД

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK