Дәрігердің нұсқаулығынсыз дәрі-дәрмек сатылмайды

150
Дереккөз

Шілде айының соңынан   бастап дәрігердің нұсқаулығынсыз дәрі-дәрмектер сатылмайды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің  Алматы облыстық департаментінің басшысы Қайрат Баймұхамбетов «Мемлекетіміздің денсаулық сақтау жүйесіндегі негізгі бағыттарының бірі – халықты сапалы, тиімді және қауіпсіз дәрілік заттармен қамтамасыз ету. Бұл мәселе бойынша біздің Департамент медициналық ұйымдармен және фармацевтикалық қызметкерлермен  дәрілік заттарды тағайындау және сату бойынша қолданыстағы талаптарды орындау туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізген болатын. Дәрілік заттарды тиімсіз қолданудың және өзін-өзі емдеудің салдары өте қауіпті. Дәрігерге уақытылы қаралмағандықтан ауруды асқындыруға немесе улануға әкеледі»-деп атап өтті. Бүгінгі таңда елімізде 7792 дәрілік зат тіркелсе, оның 1759-ы дәрігердің нұсқаулығынсыз. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, дәріні, оның мөлшерін өз бетінше таңдау кезіндегі қателіктер 80 %  құрайды. Алдағы уақытта аталмыш олқылықтар  орын алмас үшін дәріханаларда тек рецепт бойынша дәрі сату бақылауда болмақ. Барлық тіркелген препараттар, қолдану әдісі, бағасы туралы ақпараттарды «Dari.kz» мобильді қосымшасы арқылы білуге болады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK