Суретті түсірген А. Нұршанов

Медицина ұйымдары медициналық құжаттаманы қағазсыз форматта жүргізуді қолға алды.  Денсаулық сақтау саласын цифрландыру арқылы медицина қызметкерлерінің еңбек өнімділігін ұлғайтып,  халыққа медициналық қызметтерді  қолжетімді әрі сапалы  көрсетуді  көздеп отыр. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Денсаулық сақтау саласын цифрландыру»  тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы»  ШЖҚ РМК Алматы облыстық филиалының директоры Наталья Үсентаева  мен   филиал директорының орынбасары Біржан Байжанов қолға алынған жұмыстар жөнінде айтып берді.

 Спикерлердің айтуынша, ақпараттық технологияларды барынша пайдалану арқылы халыққа медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігін және сапасын арттыру мақсатында 2013-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының электрондық денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасы бекітілген болатын.
Басты мақсат-  цифр­лы технологиялар арқылы ме­ди­циналық көмектің қолжетім­ділі­гі мен тиімділігін арттыру. Медициналық ақпараттық жүйелерден мәліметтер жинауды және денсаулық сақтау ұйымдарының бизнес-процестерін толық автоматтандыруды қамтамасыз ету болып табылады.Медициналық ақпараттық жүйелер үшін ең төмен функционалды талаптар  туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 27 наурыздағы №127 «Медициналық ақпараттық жүйелер үшін минималды функционалдық талаптарды бекіту туралы» бұйрығы бар.

-Әрбір тұрғын тұрғылықты жері бойынша медициналық көмек алу үшін тіркелуі тиіс. Бұл міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыру жүйесі үшін өте қажет.  Науқастық қағазы бүгінде цифрландыруға көшірілуде. Облыс бойынша тіркелген азаматтар бар, алайда олар бұл жақта тұрмайды. Тұрғындардың осындай тобы жұмыстың ілгерілеуіне өзіндік  кедергі болуда.  Ондай азаматтар саны  112 мыңдай. Сондықтан құжаттандыру орталықтарымен жұмыс жүргізіп жатырмыз,-деді  электронды денсаулық сақтау орталығының облыстық филиал директоры Наталья Ибрагимқызы.

Тұрғындардың өз емханасын анықтауға 15 қазан- 15 қараша аралығында уақыт беріледі. Егер де өзіңіздің электрондық  қолтаңбаңыз болса,  онда ісіңіз  жылдам реттеледі.  Электронды медпортал  арқылы 30-дан  аса қызмет түріне қол жеткізесіз.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK