Базарға қауын  сатып алуға барған бір адам ақшасы жетпей басындағы су жаңа қалпағын Қожанасырға сатады. Ол сатып алған қауынын Қожанасыр екеуі бөліп жейді. Осыдан соң Қожекең одан алған қалпағын  қақ бөліп жарымын оған ұсынады. Бұған аң-таң болған әлгі адам:  — «Мұныңыз не?» ,- деп, сұрайды. Сонда Қожанасыр: — «Сіз сатып алған қауынды екеуміз бөліп жедік. Енді мен алған қалпақты да бөліп киейік» — деген екен.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK