Қарттарым – асыл қазынам

50
Дереккөз

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Қарттарым – асыл қазынам» атты қариялармен кездесу кеші өтті.

Шараға қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақшабай  Керімбеков, тыл ардагерлері және жастар қатысты. Жиын барысында аға буын өкілдері қоғамда орын алып жатқан оқиғалар, жастар тәрбиесі, қаймағы бұзылмаған салт-дәстүріміз  жөнінде ой қозғады.  Ұйымдастырушылар «Әрбір сөзі салмақты қариялармен кездесудің  өскелең ұрпаққа берері мол. Тарихымыз бен дәстүріміз дәріптеледі, оларды өсіп келе жатқан жастардың бойына сіңіреміз.  Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан асыл құндылықтарымызды насихаттау біздің азаматтық борышымыз»-деді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK