Шынықсаң, шымыр боларсың

627

Аяққа коньки киіп, жалтыраған айдынның ортасында шыр көбелек айналып, жүрудің өзі бір өнер. Қыстың қызығына тоймайтын ойын балаларын мектеп жанындағы мұз айдыннан көреріміз анық. 

Талдықорған қаласының 17 білім ошағында хоккей спортына арналған қорап қойылса, басқа білім ордаларында мұз айдыны құйылған. Жалпы білім беретін мектептердің кейбірі, мәселен, №4 орта мектеп пен дарынды балаларға арналған №20 лицей, №14 пен 16 мектептердің стадиондары бір болғандықтан оларда  мұз айдыны ортақ. Мұнда қалалық дене шынықтыру, спорт және қалалық білім бөлімдері бірлесіп, бекіткен кестеге сәйкес, әр апта сайын қысқы спорт түрлерінен мектепішілік, сондай-ақ, мектепаралық жарыстар ұйымдастыру дәстүрге айналған.

Талдықорған қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әділет Рымтаевтың айтуынша,  Елбасының «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру  және  қысқы спорттық ойындарын дамыту мақсатында    бекітілен іс-шаралар жоспарына сәйкес хоккей алаңдары мен мұз айдындары жұмыс атқарады.

Сонымен қатар  үстіміздегі жылдың 15-27 желтоқсан күндері аралығында   жалпы білім беру мектептері арасында «Ең үздік хоккей алаңы-2017»,    «Ең үздік мұз айдыны-2017» атты байқауы өткізіледі. Жеңімпаздар анықталатын болады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK