Талдықорғанда елорда күніне байланысты салтанатты жиын өтті. І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында өткен игі шарада сөз алған қала әкімінің орынбасары Сәуле Арзанбекова жиналған қауымды  мерейлі мерекемен құттықтап, шаһар басшысы Ғалымжан Әбдірайымовтың ізгі тілегін жеткізді.

Сондай-ақ, Сәуле Аманбайқызы: «Біздің бас қаламыз – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясаты мен теңдесіз қабілетінің арқасында бүгінгідей мәртебеге жетіп, асқақтап отыр. Елорда атауы Елбасы есімімен тығыз байланысты әрі ажырамайтын егіз ұғым. Елордамыз еліміздің барлық өңірлері үшін серпінді дамудың үлгісін көрсетті. Жыл сайын жасарып-жайнап, өсіп-өркендеп келе жатқан   Талдықорған қаласы бүгінде әсем елордаға қарап бой түзеуде. Сондықтан да, Нұр-Сұлтан қаласы барша қазақстандықтардың бірлігінің символы, еліміздің жүрегі» деп атап көрсетті.

Жиын соңы Сүйінбай Аронұлы атындағы облыстық филармонияның және «Талдықорған әуендері» халықтық, фольклорлық-этнографиялық ән би ансамблінің концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK