дереккөз

Жастар жылы аясында  Алматы облысы Қорғаныс істер жөніндегі  департаменттің әскери қызметкерлері   арасында  «Әкем, анам және мен» атты спорттық-отбасылық сайыс №26 орта мектептің базасында өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, әскери қызметшілер мен қызметкерлердің отбасы мүшелерімен қарым-қатынасты нығайту. Бұл шара отбасылық ынтымақ, сыйластықты арттыру, әскери-патриоттық тәрбие  беру , спортты дамыту бағытында  қолға алынды. Әр әскери қызметші  отбасы мүшелерімен келіп қатысты. Спорттық киім киген қатысушылар  топтарын таныстырды. Эстафеталық сайыста  топ  мүшелері  допты тебу арқылы әрбір кедергілер арасынан өтіп, басқалары жалғастырды. Анасы жіппен секірсе, бала футбол добымен өнер көрсетті.  Команда мүшелеріне ептілік, жігерлілік, күштілік  өте қажет болды. Суретті салып, арқанды да тартты. Осылайша, отбасылар арасында өзара мықтыларын анықтады.  Әділқазылар алқасының шешімімен  бірінші орынды Талдықорған қаласы қорғаныс істері жөніндегі  біріктірілген басқарма қызметкері  Тұрлыбаевтар отбасы  лайық деп табылды. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің әскери қызметшілері Ораловтар және Нұрекеновтар жанұялары  жүлделі орындарға ие болды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK