Талдықорғандағы  «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде арнайы басқосу болып өтті. Аймақтағы әр саланың жетекшілері мен мамандары қатысқан кеңесте «Азия Сервис» компаниясының өкілдері бюджетті жоспарлау және оны орындау, бухгалтерлік есеп,  сонымен бірге салық жинауды автоматтандыруға қолайлы «1С мекеме» бағдарламасын таныстырды.

Мамандардың айтуынша,  жаңа бағдарлама мемлекеттік мекемелердің жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, бюджеттік қаражатты барынша үнемдеуге де мол мүмкіндік береді. Ең бастысы, бағдарламалық өнім ықтимал тұтынушыларға жан-жақты таныстырылды. Ендігі кезек жергілікті басқару мекемелерінде деді компания өкілдері.  Бағдарламаны таныстыру барысында бірқатар сұрақтар қойылды. Олардың барлығына мазмұнды әрі тұщымды жауаптар берілді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK