дереккөз

Елорданың туған күні қарсаңында  «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалында  салтанатты жиын өтті.

Дереккөз

Жиналғандар алдында облыстық партия филиалы төрағасының  бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев  сөз  сөйледі.

-Бүгінгі таңда елдің төрі — Елордамыз барша ұлт пен ұлыстың басын қосқан бірлік мекеніне айналды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 23 наурыздағы №6 қаулысымен Астана — Нұр-Сұлтан қаласы деп аталды.Еуразия кіндігінде орналасқан алты Алаштың бас қосқан қасиетті мекені, кемел келешегі бар жаңа шаһар.  1999 жылғы  Астана қаласы ЮНЕСКО-ның  «Әлем қаласы»  сыйлығымен       марапатталды.  65-ші рет өткен «EXPO-2017» халықаралық көрмесі еліміздің әлем алдындағы абыройын тағы бір аспандатты. Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласы әлемнің көшбастаушы «ақылды» қалаларының тәжірибесін үлгі тұтуда. Қазақ елінің нұрын шашқан – асқақ рухы және ұлттық мақтанышы. Мереке құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! ,- деді Ғалиасқар Төлендіұлы.

Облыстық Ассамблеяның жанындағы қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы О. Жақиянов мерекеге орай құттықтау сөз сөйледі.

Шарада Президенттік сайлау науқанында үгіт-насихат жұмыстарына белсенді  қатысқандарға Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты  табысталды. Марапат иелері арасында «Талдықорған»  газетінің қызметкері Айгүл Смағұлова  да бар. Партияның «Мектеп асханалары» жобасының белсенділері де марапатталды.  Бір топ мемлекеттік қызметшілер партия қатарына қабылданып,  билетке ие болды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK