«Бекзат» көркем фильмі жарыққа шықты

68
Дереккөз

Кеше  «Хабар» агенттігінің тапсырысымен түсірілген «Бекзат» көркем фильмінің жабық көрсетілімі өтті.

Дереккөз

Шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, спортшылар мен өнер иелері,  актерлер құрамы қатысты. Сондай-ақ, Бекзат Саттархановтың ата-анасы  арнайы Түркістаннан келді. «20 жас ғұмырында қолынан келгенше еліне барлық күш-жігерін беріп кетті. Бекзатқа қандай марапат, қандай кино шығарса да артық болмас. Бекзатты жастардың алдына үлгі етіп қойса, оның имандылығы, үлкенді сыйлауы, қазақылығы, алға қойған мақсатын орындайтын мінезі қазіргі қазақ жастарына керек» — деді Бекзат Саттархановтың әкесі Сейілхан Саттарханов. Фильмде Бекзаттың балалық шағы, бозбала кезеңі және  өмірінің соңғы сәті сынды үш кезең қамтылады.  Түсірілім жұмыстары Түркістан, Алматы және Ыстамбұл қалаларында өткен. Басты рөлді жас актер Самат Әзімқұлов сомдайды. Толықметражды туынды  күзде еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіледі деп жоспарлануда.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK