Ұлы даланың мәңгілік мирасы – Манас

246
Дереккөз

Алматы облысының әкімдігі мен халықаралық Түркі академиясының ұйытқы болуымен «Ұлы даланың мәңгілік мирасы – Манас» атты III халықаралық  фестиваль өтті. Түркі әлемінің құндылықтары мен тұлғаларын дәріптеу мақсатында өткен шараға Қырғыз Республикасының Елшілігі, халықаралық Түркі академиясының өкілдері  мен елімізге  танымал  профессорлар, жазушы, академиктер, жыршылар  қатысты.

Дереккөз

Аталмыш шарада алғаш болып сөз алған Алматы облысының әкімі Амандық Баталов «Халықаралық Түркі академиясы жыл сайын дәс­түр­лі түрде қазақ-қырғыз зия­лы­ларының форумын ұйымдас­тырып келеді. Биылғы форумның киелі Жетісу жерінде жалғасын табуы – біз үшін үлкен мерей. Қазақ-қырғыз тарихының тамыры тереңде жатыр. Ежелден бауырлас елдің тұтас тарихына зер сал­сақ, қан­шама ұлы адамдар, батырлар мен билер шыққан. Олардың асыл мұраларын сақтап, рухына тағзым ету – ұрпақ парызы»-деп жиынның маңыздылығына тоқталып өтті. Сондай-ақ, Қырғыз Республикасының Қазақ­стандағы төтенше және өкілетті елшісі Жээнбек Кулубаев: «Алып Ала­таудың арғы-бергі бетін ен жайлаған қазақ пен қырғыз ежелден өрісі бір бауырлас халық. Өз­деріңіз білесіздер, бүгінде екі елде де туризмді дамытуға мүм­кіндіктер қарастырылуда. Ыс­тық­­көлге Алматы облысынан адам көп келеді. Демалушыларға өз алғысымызды білдіреміз. Біз Жетісу өл­кесімен бірлесе жұмыс істеп, ынтымақтастығымызды өркен­детуге әзірміз»-деді. Зиялылар бас қосқан шара барысында «Манас эпосы» кітабының тұсауы кесілді.

Дереккөз
Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK