Талдықорғандағы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалында арнайы семинар-тренинг өтті. Оған аймақтағы  полиция департаменттері басшыларының орынбасарлары және қалалық, аудандық, желілікті құқық  қорғау саласының басшылары қатысты.

 Төрт басқыштық бағдарламадан тұратын семинарда ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаев  «Өзгермелі әлем жағдайындағы трансформациялық көшбасшылық» тақырыбында дәріс оқыды. Сондай-ақ, ол:   «Бұл дәрістің басты мақсаты ­­– полиция органдарының басшылық құрамының қызметін жоспарлау және ұйымдастыру кезіндегі кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру, трансформациялық көшбасшылықтың жаңа мәдениетін қалыптастыру, әрі  халықпен тиімді қарым-қатынастың дағдыларын дамыту. Сонымен  қатар өзгерістерді басқару, бастамашылық, шешімдер қабылдау, ынтымақтастық, сыпайылық, жауапкершілік, төзімділік сияқты құзыреттіліктерді қалыптастыру», -деп атап көрсетті.

Дәріс оқу барысында  Серікбай Өрікбайұлы заманауи мемлекеттік қызметшінің басты құндылықтары — парасаттылық әрі ашықтық, екенін атап көрсетіп, тиімділік, нәтижелілік, жауапкершілік, бастамашылдықтың маңыздылығы туралы жан-жақты түсіндірді. Басшылық қызметтегі полицейлерді оқыту 5 күнге созылмақ.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK