Президент Қасым-Жомарт Тоқаев табысы өмір сүру деңгейінің көрсеткішінен аз қазақстандықтарға кредит беруді доғару керектігін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған taldykorgan-online.kz

«Тұтынушылық несиелермен қалыптасқан жағдай одан әрі қайталанбауы тиіс. Ұлттық банк реттеушілік сипаттағы қатаң шаралар қабылдауға, қаржы ұйымдарының жауапкершілігін күшейтуге міндетті. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға одан әрі жағдайдың нашарлануына және қаржылық жағдайды болдырмау үшін қарыз беруге тыйым салу қажет», — деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы Ұлттық банк кепілсіз тұтынушылық қарыздарды беруді реттеудің қосымша шараларын қабылдауы тиіс екенін атап өтті.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK