Сейсенбаев Данияр Болысбекұлы

                                    «Талдықорған» газетінің бас редакторы.

Қазақстан журналистер одағының мүшесі. Білімі жоғары. Жалпы еңбек өтілі 12 жыл. Бұған дейін «ҚазАқпарат» халықаралық агенттігінде, «Қазақстан» РТРК» АҚ, «Жетісу» телеарнасында және Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз-хатшысы болып қызмет атқарған. Облыс және қала әкімдерінің алғыс хат, Құрмет грамоталарымен марапатталған.

                                    Нұршанова Гүлжанат Мырзалықызы

Апталық басылым бас редакторының орынбасары, өңірімізге белгілі журналист – . Еңбек өтілі 34 жыл, білімі жоғары. Газетте 2003 жылдан бері жұмыс істейді. 1994-2002 жылдар аралығында «Жетісу» теле-радио компаниясының тілшісі болған. ҚР Әділет министрінің, облыс және қала әкімдерінің алғыс хатымен және Құрмет грамоталарымен марапатталған.

                                        Уразаева Алмагүл Жандосқызы

2002 жылдан бері «Талдықорған» газетінің орыс бөлімінің редакторы. Жалпы еңбек өтілі 30 жыл, білімі жоғары. Алматы облысы әкімінің жүлдесі үшін ұйымдастырылған байқауларда ІІ-ІІІ дәрежелі дипломдармен, қала әкімінің алғыс хатымен және Құрмет грамоталарымен марапатталған. Үлкен қалалар мен астаналардың халықаралық Ассамблеясы ұйымдастырған 5-халықаралық байқаудың І-дәрежелі дипломының иегері.

                                         Мәкен Данагүл Әнуарбекқызы 

«Талдықорған» газетінің тілшісі, білімі жоғары. Еңбек өтілі 25 жыл. Қала әкімінің, «Нұр Отан» партиясының алғыс хатымен марапатталған. Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма ұйымдастырған облыстық байқаудың «Үздік мақала» аталымының иегері.

                                                      Айдын Кәлімхан 

Қазастан Журналистер одағының және ҚХР Жазушылар одағының мүшесі. «Талдықорған» газетінде 2012 жылдан бері жұмыс істейді.  Саладағы еңбек өтілі 25 жыл. Облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі 30-дан аса жыр мүшайрасының жеңімпазы. Қазақстан Журналистер одағының, облыс және қала әкімдерінің Құрмет грамотасымен, алғыс хаттарымен марапатталған.

                                        Аужанова Динара Бижанқызы 

«Талдықорған» газетінің жауапты хатшысы. Білімі жоғары, жалпы еңбек өтілі 8 жыл. Облыс және қала әкімдерінің алғыс хаттарымен, Құрмет грамотасымен марапатталған. Басылымда 2014 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

                                    Сағындықов Данияр Жарылқасынұлы 

«Талдықорған» газетінің фотограф-тілшісі. Еңбек өтілі 3 жыл. Қала әкімінің алғыс хатымен марапатталған және «Көшбасшы-2017» жастар сыйлығының «Үздік жас журналист» аталымының иегері. Сондай-ақ, облыстық Ішкі саясат басқармасының, облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасының алғыс хаттарымен марапатталған.

                                      Әділбекова Назерке Әбілғалиқызы 

«Талдықорған» газетінде 2015 жылдан бері жұмыс істейді. Талдықорған қаласы әкімінің, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының және Б.Римова атындағы драма театрдың алғыс хаттарымен марапатталған.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK