Талдықорған қалалық партия филиалы жиыны
дереккөз

«Nur Otan» партиясыТалдықорған қалалық  филиалының саяси кеңесі мен қалалық фракцияның мәжілісі Тіл сарайында  өтті.  Жиынға қала әкімі, партияның қала бойынша филиалының төрағасы  Ғ.Әбдірайымов, Алматы облыстық партия филиалының бірінші орынбасары Ғ.Сарыбаев пен  Саяси кеңес  мүшелері,  мәслихат депутаттары және  бастауыш партия ұйымдарының  төрағалары,  облыстық, қалалық бөлім, басқарма, департаменттер басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Талдықорған қалалық қоғамдық штабының президенттік сайлау кезінде атқарған жұмысы мен  сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты мәселелер күн тәртібінде қаралды.

 Жиында сөз алған Алматы облыстық штаб жетекшісі Ғ.Сарыбаев,  берекенің биігінен көрініп келген  халқымыздың  бұл жолы да жұдырықтай жұмылып, көздеген мақсаттарға бірге қол жеткізгенін айтты. «Бұл – елдік пен бірліктің жарқын үлгісін көрсеткен барлық қазақстандықтардың жеңісі! Ұлт үшін ұйытқы керек. Қазақтың есті азаматтарының қай-қайсысы да Тәуелсіздік,Тұрақтылық, Тыныштық деген қасиетті ұғымдардың қаншалықты құны барын біледі.

Сайлау жұмысына белсене атсалысқан кешегі мен бүгіннің жібін үзбеген, жаңа заманның жаңалығынан қалыспаған, қазынаға толы қасиетті өңіріміздің ардагерлері, бюджеттік саланың ұстаздары, дәрігерлері, мәдениет, спорт қызметкерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени орталықтың мүшелері, жастар, үміткеріміздің сенімді өкілдеріне алғыс білдіремін»,- деді.

 

дереккөз

 «Алматы облыстық азаматтық альянсы» ЗТҚБ атқарушы директоры Е.Сапаров «ендігі кезекте сайлауалды бағдарламада көрсетілген міндеттерді сапалы әрі уақтылы орындау керектігіне тоқталды. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев өзінің жұмысының басты бағыттарының бірі ретінде халықты әлеуметтік қорғау мәселесін алып отыр. Бұл бекерден жасалған шаруа емес. Қазіргі нарықтық қатынастар заманында халықтың әлжуаз топтарына мемлекеттік қолдау көрсету ішкі саяси тұрақтылық пен халықтың әл-ауқатының өсуінің кепілі болып отыр.

Осы орайда, менің ойымша біз партияластар болып президентіміздің игі бастамаларының жүзеге асырылуына бірге атсалысып, атқарылатын мемлекеттік бағдарламаларға қатаң қоғамдық бақылау мен мониторинг жүргізуді іске асыруымыз қажет» ,-деді.

 Талдықорған қалалық  штаб жетекшісі, қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары  А.Жазықбаев  айтуынша, қала көлемінде үміткердің 113 сенімді өкілі мен партияның  20 жас белсенділері және қоғамдық қабылдауы жұмыс істеді.

Қаламызда  желілік кестеге сәйкес 28957 адамның қамтылуымен 95 іс-шара ұйымдастырылып, 12194 үгіт-насихат құралдары ілінді, 21 мыңдай  парақша таратылды.

Президенттің атап көрсеткен 10 бағыты бойынша жұмыстар атқарылады. Халықтың табысын арттыру, сыбайлас жемқорлықпен күрес, сот және құқық қорғау жүйесі, тұрғын үй, әділетті әлеуметтік саясат, өңірлерді дамыту, «Рухани жаңғыру», сыртқы саясат, жастарға қолдау  жасау мәселелері өте өзекті. Мақсатымыз- айқын, сондықтан да атқарылар істер жетерлік. Келелі кеңесте делегаттар қолдап,  қаулы қабылданды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK