Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерге барамыз, — деп оқу жылы аяқталысымен мектеп оқушылары жазғы лагерлерге баруға асығады. Жайраңдаған жаздың қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері балалардың осындай жазғы демалыс лагерінен бастау алары сөзсіз.  Осыған орай  Талдықорған  қаласындағы   М. Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп – гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  мектеп жанындағы жазғы «Арай» сауықтыру демалыс лагері 2019 жылдың 03.06 – 14.06 аралығында бірінші кезеңін өткізді.

Бірінші кезеңде барлығы 60 бала қамтылды. «Арай» сауықтыру лагерінде оқушылар  «Қызғалдақтар», «Жауқазындар» атты қыздар тобы және «Ұландар» мен «Қырандар» атты ұлдар тобы болып төртке бөлінген. Лагерь демалушыларына әр түрлі ойындар ойнатылып, дойбы, шахмат жарыстары тақырып бойынша тапқырлық, сөзжұмбақ сайыстары ұйымдастырылып,  өте қызықты болды. Бір мезгіл балдырғандар сурет салып, тақпақ жаттап, ән салды. Күнде жоспар бойынша таңертеңгілік жаттығулар, ертеңгіліктер, сайыстар өткізді. Тәрбиешілер әр күнге белгіленген түрлі мерекелік іс-шараларды ұйымдастырып, балғындардың демалысы қызыққа, қуанышқа толы болуына бар күш-жігерлерін, өнерлерін аямай жұмсауда. «Көңілді старт», «Лагерь аруы», «Күштілер, батылдар», «Ойна да, ойлан» интеллектуалды сайыстарына оқушылар қызығушылықпен қатысты. Әдеп туралы әңгіме, әсемдік жайлы мақал-мәтелдер жарыстары көңілді өтуде.

 Лагерде жоспар бойынша, жеткіншектер балаларға арналған кинофильмдер, спектакльдерді де тамашалай алады. Сондай-ақ, мұндағы оқушылар күнделікті дәруменге толы  тағамдармен үш уақыт тамақтанады. Лагерьдегі қызықты шаралардың бірі – танымдық-интеллектуалдық ойындар. Мұндай бағыт – жаңа технологиялық, мультимедиялық әдістері арқылы жеткіншектердің шет тілдерін үйренуіне, дүниетанымын кеңейтуге, өзіндік пікір қалыптастыруына көмек береді. Мектеп жанындағы лагерьге келу арқылы көптеген дос табатынын, түрлі іс-шараларға қатысып, көңіл көтеретінін айтып мәз-мейрам болысады. Осылайша, лагердің әр күні мәнді де, сәнді өтті. Бұл тұста балалардың демалыс күндерін қызықты өткізуге үлес қосқан тәрбиешілер  Хуанған Айгүл, Ұлдаханова Гүлмира, Мухаметчаева Сания, Мұсажан Алуа , Балықбаева Анардың еңбектерін ерекше атап өтіп, жоғары бағалауға болады. Олар лагердің қызықты, көңілді өтуіне аянбай, шаршамай өз үлестерін қосқаны байқалып тұр. Балалардың жүрегіне ізгілік пен қуаныш сыйлай ашылған жазғы демалыс лагерлерінде демалушылар бос уақыттарын мағыналы өткізіп, үйлеріне сергіп белгілі бір бағытта білімдері мен қабілеттерін жетілдіріп қайтқаны сөзсіз. Лагердің  соңғы  күні  жабылу арналған салтанатты  іс-шара  деңгейде  өтті. Оқушылар өз  өнерлерін  көрсетіп,  түрлі мақтау  қағаздарымен  марапатталды.

                                                               Г.Нұғманова,

М.Жұмабаев атындағы №19 орта

                                                                          мектеп –гимназиясының

бастауыш  сынып  мұғалімі,тәрбиеші

                 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK