Бүгін Талдықорған қалалық әкімдігінде бірқатар кадрлық ауыс-түйістер болды. Шаһар басшысы Ғалымжан Әбдірайымов қала активіне жаңа орынбасарын, қала әкімі аппаратының басшысын және қаланың абаттандырылуына жауапты «Талдықорған Көркейту» ЖШС директорын таныстырды.

Байназаров Сайлауғалы Әбдісәліұлы қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол 1966 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған, жоғары білімді. 1993 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, 2003 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін экономист-менеджер, ал 2005 жылы заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.  Еңбек жолын 1984 жылы электромонтер болып Шымкент қаласынан бастаған. 1987-1988 жылдары Алматыдағы «Электробытприбор» зауытында слесарь, 1993-1996 жылдары жекеменшік кәсіпорында қойма меңгерушісі, директордың орынбасары қызметтерін атқарған. 1996-2001 жылдары Алматы мен Шымкент қалаларындағы бірқатар оқу орындарында мұғалім, кафедра меңгерушісі, басшының орынбасары болып еңбек етті. 2001-2003 жылдары Алматы қалалық көріктендіру департаментінде бөлім бастығының міндетін атқарушы, департамент бастығының орынбасары, бірінші орынбасары, ал 2005-2013 жылдары Алматы қаласы әкімі аппаратында бас маман, қала әкімінің бас инспекторы қызметтерін атқарған. 2013-2014 жылдары «Мемлекеттік сараптама» РМК бас маман, 2015-2016 жылдары Ресурстар басқару комитетінде бас маман, 2016-2017 жылдары Алматы облысы әкімі аппаратында бас инспектор болған. 2017-2018 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы, 2018-2019 жылдары Тараз қаласы әкімінің орынбасары болған.

Қала әкімінің өкімімен Асқар Құрманғалиев  Талдықорған қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды. Асқар Жаңабайұлы 1977 жылы туған, білімі жоғары. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, 2004 жылы А.Яассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін аяқтаған. Еңбек жолын 2002 жылы Алматы облысы бойынша салық комитетінен бастаған. 2004-2011 жылдары Алматы облысы әкімі аппаратында бас маман, облыс әкімі орынбасарының кеңесшісі, көмекшісі және облыс әкімінің бас инспекторы болған. 2011-2012 жылдары ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті директорының орынбасары, 2012-2014 жылдары Алматы облыстық мәслихаты аппаратының басшысы, 2014-2019 жылдары Алматы облысы әкімі аппаратының Шаруашылық басқармасының бастығы болған.

Ал, «Талдықорған Көкрейту» ЖШС директор болып Қауысбеков Владимир Оңалбайұлы қайтып келді. Ол 1980 жылы дүниеге келген, білімі жоғары. 2001 жылы І.Жансүгіров атындағы ЖМУ, 2007 жылы Құрылыс және бағалау институтын аяқтаған. 2001-2005 жылдары Көксу ауданында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, 2005-2008 жылдары Еркін ауылдық округінің бас маманы, 2008-2010 жылдары Талдықорған қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашлығы бөлімінде сектор меңгерушісі болған. 2010-2011 жылдары Талдықорған қаласы әкімінің аппарат басшысы, 2011-2012 жылдары Талдықорған қаласы мәслихатының аппарат басшысы, 2012-2018 жылдары «Көркем Талдықорған» МҚК директоры, 2018-2019 жылдары «Ескелді су құбыры» МҚК директоры қызметтерін атқарған.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK