дереккөз

ҚР «Тіл туралы» және «Жарнама туралы» Заңының талаптарына сәйкес рәсімделуін, олардың сауатты жазылуын қамтамасыз ету мақсатында «Тіл тазалығын сақтайық!» акциясы басталды.  Облыс көлемінде бастау алған шара маусым-тамыз аралығын  қамтиды. 

Талдықорған қаласындағы орталық көше бойында  акцияға орай  шара өтті.  Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Сандуғаш Арнайқызы шараның маңыздылығына тоқталды.

« Аталмыш шара аясында барлық халыққа  қызмет көрсету нысандарының иелеріне заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Заң бұзушылық анықталған жағдайда ескерту жасалып, уақыт беріледі. Кемшіліктер белгіленген мерзімде түзетілмесе,  тиісті шара қолданылатын болады».

 

 

Тіл тазалығын сақтайық, Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі.
акция барысында

 Деректеме мен көрнекі ақпарат құралдарының тіл нормаларына сәйкес рәсімделуін анықтау мақсатында  бұл күні  қаладағы сауда үйлеріндегі кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  Ал  қоғамдық көліктерге жарнамалық қағаздар ілінді. Мамандардың айтуынша, кәсіпкерлердің өткізіліп отырған шараға барынша түсіністікпен қарап, деректемелер мен көрнекі ақпарат көздерін  ретке келтіруі тиіс.

Ал, акция қорытындысы қыркүйек айында шығарылады. Сондықтан да, сауатсыз жарнамаға жол жоқ.  Бұл  шараның  мақсаты —  жұртшылықтың  тіл тағдырына дұрыс көзқарас  танытуы  десек, онда  тұрғындардың  өзі жарнамалық жазулардың сауатты жазылуына атсалысуы тиіс. Өздеріңіз көріп қалған, байқаған маңдайша жазулар мен көрнекіліктердегі заң бұзушылықтар турасында  тіл басқармасына  не болмаса  қалалық бөлімге жазбаша түрде немесе телефон шалып хабарласуға болады.

Елінің ертеңі, ұлттық рухтың негізі болып табылатын тілдің тағдыры  толғандыратын әрбір азамат акция барысындағы шарадан тыс қалмайды деп ойлаймыз.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK