Талдықорғанда Алматы облысының V Жазғы Паралимпиадалық ойындары жалауын желбіретті. Аталмыш додада әр өңірден келген он бес команда спорттың жеті түрінен шеберлік байқасуда, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Жарыстың ашылу рәсімінде облыстық мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубының директоры Ерлан Бақтыбаев пен Рио паралимпиада ойындарының жүлдегері Раушан Қойшыбаева сөз алып, спортшыларға сəттілік тіледі.

Спортшылар сайыс барысында жеңіл атлетика, жүзу, дзюдо, пауэрлифтинг, отырып ойнайтын волейбол, үстел теннисі және оқпен ату сынды спорттың 7 түрінен сынға түседі. Ойындар «Жастар» спорт сарайы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің стадионы, №16 мектеп гимназиясының жүзу бассейінінде өтеді. Жарыс 19 маусымға дейін жалғасады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK