Бүгін экономикалық реформа мен өңірлік даму жөніндегі мәжіліс комитетінің отырысында Бақыт Сұлтановты сауда және интеграция министрі қызметіне мақұлдады, — деп хабарлайды kaz.nur.kz сайтына сілтеме жасаған taldykorgan-online.kz

Мәжіліс депутаттары бұл мәселені «Қазақстан Республикасының Парламенті мен депутаттар мәртебесі» Конституциялық заңнамасының 22-1 бабына сәйкес қарастырды.

Премьер-министрдің бұйрығымен сауда және интеграция министрі қызметіне үміткерді премьер-министр кеңсесінің жетекшісі Ғалымжан Қойшыбаев таныстырды.

Ол Бақыт Сұлтановтың аса тәжірибелі маман екенін атап өтіп, оның бойында қажетті басқарушылық қасиеттері бар екенін жеткізді.

Талқылау мен сұрақ-жауап үрдісінен кейін комитет қорытынды шығарды. Оған сәйкес, Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлының кандидатурасын сауда және интеграция министрі қызметіне тағайындауға ұсыну мүмкіндігі берілді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK