Бүгін, 17 маусым күні мәжілісте экология және табиғатты пайдалану жөніндегі комитетінің отырысы өтті. Жиында Мағзұм Мырзағалиевтың Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметіне тағайындау үшін кандидатурасы мақұлданды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. сілтеме жасаған taldykorgan-online.kz

Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес қаралды.

Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша кандидатты премьер-министр кеңсесінің басшысы Ғалымжан Қойшыбаев таныстырды.

Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшелері Мағзұм Мырзағалиевке бірнеше сауалдар қойды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысының қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі ұсынған Мағзұм Маратұлы Мырзағалиевтың кандидатурасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындау үшін ұсынылды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK