мектеп бітірушілер
дереккөз

Адам өміріндегі ұмытыл­мас сәулелі сәттердің бірі – түлектердің мек­теп бітіру кеші. Биыл да қорытынды аттестаттау мектеп бітірушінің өз мектебінде, өзі үйренген, пси­хологиялық жағынан қолайлы ортада өтуімен  ерекше. Аттестатты қолға алған жастың одан әрі  ЖОО-ға түсе ме, жоқ па, ҰБТ тапсыра ма, тапсырмай ма, өз еркінде.

12 маусымда еліміз бойынша түлектердің мектепті бітіру кеші ұйымдастырылды.  Талдықорған қаласындағы  жалпы білім беретін  25  мектепті  1154 түлек аяқтап шықты.  Білім ошақтарында мектеп бітірушілердің қуанышына мұғалімдер, ата- аналар, қаланың танымал  тұлғалары қатысып,    куәлік беру салтанаты  өткізілді. Мектеп бітірушілерге арналған  «Ақ жол» салтанатты кешінде оқудағы өздерінің терең білімдерін көрсеткен 52 түлек  «Алтын белгі»,  21-і  «Үздік аттестатқа» ие болды.
Салтанатты кеште  түлектер өздерінің ықылас-ниет тілегін ұстаздарына жеткізе білді.  Ал ата-аналар мен мұғалімдер қауымы да жастарға ақ  жол тілеп, асыл армандарының орындалуына тілестестіктерін білдірді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK