12-ші маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында жаңадан сайланған ҚР Президенті Қасым–Жомарт Тоқаевтың ант беріп, ресми түрде қызметіне кірісуіне байланысты  салтанатты ұлықтау шарасы өтті.

Саяси  науқанда жетісулық партияластарымыз барынша белсенділік танытып, ауқымды жұмыстар атқарды. Бұл дегеніміз, Қасым-Жомарт Кемелұлына көрсеткен үлкен қолдау, үлкен сенім! Ал ендігі кезекте, ел басқаруға бел буа кіріскен мемлекет басшысының қадамына сәттілік тілей отырып, елімізді дамыту жолында атап көрсеткен басым бағыттарды жүзеге асыруға ат салысу.  Мемлекеттіміздің даму болашағы алда әрі ол әр азаматқа зор жауапкершілік жүктейді деп білемін! Сондықтан бізге ел Президенті Қ.Тоқаевқа шынайы сенім білдіре отырып, алға қойған мақсат-міндеттерді береке-бірлікпен іске асыру қажет.

Жазықбаев Аманжол Тоқтарұлы,

«Nur Otan» партиясы Талдықорған қалалық

филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK